Қоғам

Келесі жылдан бастап кейбір қазақстандықтардың жалақысы өседі

Кейбір маман иелерінің жалақысы өседі.

Қазақстанда мұрағат және ветеринария саласында еңбек ететін мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар қарастырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл өзгерістер Үкіметтің №564 қаулысына сәйкес күшіне енді. Жаңа нормалар 2026 жылғы 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.

Енді аталған салалардың қызметкерлері еңбек жағдайына байланысты заңнамада көзделген қосымша төлемдерді алуға мүмкіндік алады.

Бұдан бөлек, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандарға жергілікті мәслихаттардың шешімі негізінде лауазымдық жалақысының кемінде 25 пайызы көлемінде үстемеақы төленеді.

Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік архив қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына 1,75 мөлшеріндегі арттыру коэффициенті қолданылады.