"Олар өтірікшілер": Трамп Иранмен атысты тоқтату режимінің күші жойылғанын мәлімдеді
Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде сөзінде тұрмағанын айтып, сынға алды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен атысты тоқтату режимін енді күшінде емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.
"Мен Иранмен бұдан былай келіссөз жүргізгім келмейді", - деді Трамп.
Сондай-ақ, Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде сөзінде тұрмағанын айтып, сынға алды.
"Олар - өтірікшілер. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.