Қоғам

Қазақстанда алдағы үш тәулікте 45 градусқа дейін ыстық болады

Аладығ күндері елімізде күн қатты ысиды.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады және екпінді жел күшейеді.

9 шілдеде елдің шығысында әлі де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі, кейін жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда да қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады.

«Күндізгі ауа температурасы қатты және өте қатты ыстықтың критерийлеріне жетеді: еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында +33…+42°С-қа дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +32…+40°С-қа дейін, оңтүстігінде +38…+45°С-қа дейін, ал шығысында +30…+38°С-қа дейін көтеріледі», – делінген синоптиктер болжамында.