Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үш еркек 5-сынып оқушысын жабылып зорлаған

Үш еркек 5-сынып оқушысын жабылып зорлаған
Сурет: picture-alliance/dpa
Душанбеде үш еркек кішкентай қызға зорлық көрсеткен.

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 5-сынып оқушысын зорлады деген күдікпен үш жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ басқармасы мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, Рустамджон Саидов пен Авазбек Салмониев кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады, ал Иномджон Бобоназаров сексуалдық сипаттағы өзге де заңсыз әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, ер адамдардың жәбірленушінің бесiншi сынып оқушысы екенін білген. Алайда арам пиғылдарын іске асырған.

Қазіргі уақытта үшеуі де қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар