Мәдениет

Тамара Асар депутаттыққа барғысы келуінің себебін айтты

Тамара Асар партияға келуі туралы айтты.

Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар Құрылтай депутаттығына ұсынылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол халықтың қызы.

“Мен – халықтың қызымын. Өнердің де, өмірдің де тамыры – халықта”, – деді Тамара Асар.

Тамара Асар партияға барлық мәселені тыңдауға, үйренуге және елмен бірге жұмыс істеуге келгенін атап өтті.

“Аяқ-қолынан айырылған адамдардың жүрегіне жалау бола алсам деймін. Бұл тақырыпты өзім арқылы ұзақ зерттедім. Осы мәселені көбірек қозғауға тырысамын", – деді ол.

Сөз соңында Тамара Асар өзіне сенім білдірген Қазақстан халық партиясына алғыс айтты.