Қоғам

Қарағанды тұрғыны аяқ асты пәтер ұтып алды

Қарағанды тұрғыны түрлі лотереяларда бағын сынауды әдетке айналдырғанына біраз жылдар болыпты. Алмаздың сөзінше соңғы екі жыл бойы LOTO 6/49 лотереясына қатысып жүрген.

«Маған ең қызығы тікелей эфирден жүргізуші хабарласып, пәтер ұтқанымды хабарлады. Мен қандай да бір әзіл болар деген оймен толық сенбедім. Міне осы жерге келіп, құжаттарға қол қойып, енді сене бастаған сияқтымын. Тіпті, айналамдағыларға да «ертең жалған болып қалса, күлкі болармын» дедім бе әйтеуір айтқым келмеді. Мен түрлі лотереяларға, көп жылдан бері қатысып келемін. Бірақ еш ұтпаппын»,-дейді Алмаз.

 Алмаз ұтқан пәтерін қаржылай алуды жөн көрді. Оны қайда жарататынын да жасырмады.

«Еш құпия емес. Ақшаны өз қажеттілігіме жаратамын. Қазіргі жоспар-қарыздарымды төлеп тастау, несиелерім бар, соның барлығын төлегім келіп тұр. Балаларым, отбасым бар. Қалғанын солардың игілігіне жаратсам деген жоспарым бар»,- деді Алмаз.

Алмаз билеттерді алғашында сату нүктелерінен алып жүрген. Кейіннен, ешқайда барып жүрмес үшін онлайн сатып алатын болыпты.

«Әр алғанда 3 билеттен алып тұрамын. Бір айда лотереяға 50 мың теңгедей жұмсадым. Осы күнге дейін бір бағалы, құнды ұтыс алмаппын. «Бұйырған кетпейді» дейді. Сол енді бұйырған несібемді алдым деп ойлаймын. Осы жолы жолым болды. Бағымды сынадым, жанды. Түрімді жауып сөйлеуімнің себебі жеке басымның қауіпсіздігі»,-дейді Алмаз.

Шілденің 15-і  күні су жаңа көлік ойнатылады. Сіз де бағыңызды сынап көріңіз. Билеттерді онлайн осы жерден ала аласыз: https://sz.kz/game?gameid=1079&ispack=true