Қоғам
Алдағы үш күнде елімізде +45 градусқа дейін күн ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:01
- 30
Елімізде алдағы үш күнде күн ыстық болады.
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
11, 12 және 13 шілдеде елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, елдің батыс өңірлерінде бұршақ жауып, екпінді желдің күшеюі күтіледі.
Ал елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Жаңбыр жауатынына қарамастан, Қазақстанның бүкіл аумағында аптап сақталады. Күндіз елдің басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста +38…+45 градусқа дейін көтеріледі.
Келесі мақала




