Қазақстандықтар тамыз айында 10 күн демала алады
Тамыз айында қазақстандықтар қанша күн демала алады?
2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтарды 10 демалыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Биыл тамыздың соңындағы қосымша демалыс күні енді болмайды. 30 тамызда болатын Конституция күні енді ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін 21 жұмыс күні және 10 демалыс күн болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 26 жұмыс күні болмақ.
Тамыз айында қосымша мерекелік демалыстар қарастырылмаған.
Мемлекеттік мерекелердің жоқтығына қарамастан, тамыз айында Қазақстанда мынадай күндер атап өтіледі:
- тамыздың бірінші жексенбісі - Теміржол көлігі қызметкерлері күні;
- 10 тамыз - Абай күні;
- тамыздың екінші жексенбісі - Құрылысшылар күні;
- тамыздың үшінші жексенбісі - Спорт күні;
- 18 тамыз - Шекарашылар күні;
- 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
- тамыздың соңғы жексенбісі - Шахтерлер күні.