Санжар Боқаев қамауда әлі отырады
Санжар Боқаевты қамау мерзімі ұзартылды.
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев 18 тамызға дейін қамауда болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасын ұзарту туралы оның адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді.
«Бүгін, өкінішке қарай, тергеу соты қорғауымыздағы азамат Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін тағы да 2026 жылдың 18 тамызына дейін ұзартты», – деді адвокат.
Айта кетсек, Санжар Боқаев наурыз айында ұсталған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастыруға, құрылыс нысандарындағы ұрлықтарға қатысы болуы мүмкін. Оған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылды.