Қоғам

Қазақстанда алдағы үш күнде күн салқындайды

Елімізде алдағы күндері жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде ыстық сәл де болса басылады, ал елдің оңтүстігі мен шығысында өте жоғары температура сақталады.

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

15-16 шілдеде солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жауын күтіледі, бұршақ жауып, дауылды жел тұруы мүмкін.

Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Күндіз синоптиктер 25-30 градус жылы болады деп болжайды.

Оңтүстікте 45 градусқа дейін аптап сақталады. Елдің оңтүстігінде 40-45 градус аптапты, шығысында 33-38 градус ыстықты көрсетеді.