Қазақстанда доллар бағамы 9 теңгеге қымбаттады
Доллар тағы да өсті.
Қазақстанда 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды. Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы долларға 464,71 теңге деңгейінде белгіленген.
Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – 471,83 теңге;
- сату – 474,65 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллардың орташа бағамы
- сатып алу – орташа есеппен 471,08 теңге;
- сату – 478,08 теңге.