"Бір апта ішінде12,5% өсті": Ауыл шаруашылығы министрі қант қымбаттамайтынын айтты
Қант бағасы өспейді.
Қазақстанда қант бағасы өспейді. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтанов қант тапшылығы болмайды деп болжап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистердің бірі Павлодарда қант бағасының өскенін айтып, ары қарай да баға қымбаттауы мүмкін ба деп сұрады.
Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азат Сұлтановтың сөзінше, баға өспейді. Қант бағасы маусым кезінде өсуі ықтимал.
Өнім бағасының өсуі сатып алу кезіндегі маусымдық сұранысқа байланысты, яғни тұрғындар тосап немесе компот дайындайды. Мысалы Павлодарда баға бір апта ішінде 12,5% өсті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қант қызылшасы өнімі көп болатынын және жаздың соңына дейін баға одан әрі өспейтінін айтады.
Салада үш зауыт жұмыс істейді, ал Таразда тағы бір өңдеу зауыты ашылады. Қазақстан қант тұтынуының жартысына жуығын Ресейден импорттайды, кішкене көлемі Белоррусиядан. Қалғаны Латын Америкасынан әкелінген шикі қамыстан елімізде өндіріледі.