Басты жаңалықтар

"Жігітімен арада келіспеушілік болған": Алматыда 10-қабаттан секіріп кеткен 20 жастағы қыз есін жиды

Бойжеткен түнгі уақытта 10-қабаттан секіріп кетті.

Алматыда оныншы қабаттан секіріп кеткен 20 жастағы қыз есін жиды. Тергеу мәліметінше, бойжеткеннің мұндай әрекетке баруына жігітімен жанжалдасуы себеп болыпты. Ал куәгерлер қыздың тұрғын үй кешенінде масаң күйде жүргенін көрдік дейді. Қазір періштесі қаққан бойжеткен ауруханада емделіп жатыр. Ал полицейлер қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

 

20 жастағы қыз түнгі сағат екі жарым шамасында тұрғын үй кешенінің 10-шы қабатынан секірген. Бойжеткен алдымен шатырға, кейін жерге құлапты. Оқиға орнында қан іздері әлі де жатыр. Жалындаған жасында өз-өзіне қол жұмсауға арудың не себепті бекінгені белгісіз.

 

Алайда куәгерлердің айтуынша, жігітімен арада келіспеушілік болғандықтан осындай қадамға баруы мүмкін деп отыр. Себебі, қыз секірмес бұрын, сол жерде тұрған жігіттің атын бірнеше рет қайталап айта беріпті.

 

Қыз былайынан тұр, ұстайтын борттан өтіп алған. Дауысы біртүрлі, адамға ұқсамайды. Сау адамға ұқсамады, ішкен адам ғой. Мына жерде ішкен.

 

«Шаяхмет, анаған жаным, сүйем деп айтшы, бері келтіріп алайықшы, бері қарай келтірші» дедім. Шаяхмет бірден айтты: «тәте, қазір баратын болсам, ол секіріп кетеді» деді. Айтқаны айдай келді. Шаяхметті көрді. «Сен мені саттың» деді де, құлады. Болды», дейді

 

Алайда оқиға орнында болған жігіттің өзі іске «еш қатысым жоқ» деп отыр. Арамызда кикілжің болмады деген ол, бойжеткенмен бір жылға жуық қана таныс екенін айтты. 26 жастағы азамат барлық дәлелдемені полиция қызметкерлеріне бердім дейді. Қазір осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
 

«Алдын ала болжам бойынша, екеуінің арасында жанжал туындаған. Нәтижесінде бұл бойжеткен «өзіме қол жұмсаймын» деп қорқытып, подъездің балконынан секіріп кеткен. Процессуалдық алгоритм бойынша, дерек бойынша қылмыстық іс қозғалады. Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша. Күдікті анықталып жатса, осы іске итермелеген әрекетке, онда міндетті түрде шара қолданылады. Әзірге күдікті жоқ», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Ал өзіне қол жұмсаған қыздың жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Алғашында ауыр халде түскен науқасқа мамандар шұғыл ота жасаған. Қазір ол есін жиыпты.