Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында жігіт 15 жастағы көрші қызды зорлады деп айыпталды

Жасөпірім қыз өзін көрші жігіттің зорлағанын айтқан.

Ақтөбе облысында жігіт көрші қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы қыздың өзі айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыздың туыстарының айтуынша, күдікті – жасөспірімді бала кезінен білетін 22 жастағы көрші жігіт.

“Криминальный Казахстан” Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 19 мамыр күні болған. Құрбысымен серуендеген 15 жастағы қыз оның үйіне кірген. Сол кезде ағасы болған екен. Жәбірленушінің жақындары сол жігіттен күдіктенеді.

“Қызды өлтіремін деп қорқытқандықтан жасөспірім болған жағдайды осы уақытқа дейін жасырып келген”, – дейді туыстары.

Арада біраз уақыт өткен соң қыз болған жағдайды ағасына айтып берген. Осыдан кейін ағасы полицияға жүгінген. Оның қауіпсіздігін ойлаған әпкесі қызды ауылдан алып кеткен.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады.

"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомство.