Мәдениет

Джеки Чан Маңғыстау облысына келді

Джеки Чан Қазақстанда жүр.

Әлемге әйгілі актер, режиссер, продюсер әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан Маңғыстау облысына барды. Оны өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, Джеки Чан өңірге жаңа халықаралық көркем фильмнің түсіріліміне қатысу үшін келген.

Өз кезегінде Джеки Чан жылы қабылдауға алғыс білдіріп, Маңғыстаудың табиғи ландшафтары ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, өңірдің көрікті жерлері фильмнің жарқын бөлігіне айналмақ.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Маңғыстаудың ірі киножобаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде таңдалуы әлемдік киноиндустрияның Қазақстан табиғатына деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Фильмнің басты локацияларының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған.