Қоғам

Қазақстанның үш мегаполисінің тұрғындарына күннің ыстығына байланысты ескерту жарияланды

Астана, Алматы, Шымкентте үш күн бойы қатты ыстық болады.

Қазақстанға аномальді ыстық келе жатыр. Соған байланысты синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күндегі ауа райы болжамын жасап, тұрғындарға ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

16 шілдеде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус жылы.

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус жылы.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.

Алматыда 16 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +36...+38 градус ыстық болады.

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +38...+40 градус өте қатты ыстық болады.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.

Шымкентте 16 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +41...+43 градус ыстық болады.

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +44...+46 градус ыстық болады.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус ыстық болады.