Мәдениет

"Әніңді сал да, қыдырсайшы!": Ақтөбелік емші депутаттыққа үміткер Тамара Асарға шүйлікті

Тамара Асар мен Аша Матайға шүйліккен емші олардың депутаттыққа үміткер болуына қарсылығын білдірді.

Ақтөбелік танымал емші Бағдагүл желідегі парақшасында үндеу жасап, депутаттыққа үміткер өнер иелерін сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әншілерден ешқандай пайда болмайды. Ол Тамара Асар мен Аша Матайдың Құрылтай депутаттығына сайлануына қарсы.

"Дыбысыңды шығарма, Тамара Асар! Тілімді кессең де, бас кеспек жоқ. Қайдағы құрылтай саған? Халық үшін бір затқа тұра алмаған адамға ол жерге барудың қажеті жоқ! Ол жерге барып не істемекшісің? Орындықты сасытасыңдар ма Аша Матай екеуің? Не жетпейді саған?! Әніңді сал да, қыдырсайшы! Бізге Аша Матай, Патайдың керегі жоқ! Қазақстан сендерге ойыншық емес. Оны құру үшін біздің ата-бабамыз жер жастанған. Балға жиналған ара сияқты керегі жоқ", – деді ол.