Қоғам

Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жеткен

Қазақстандағы ең жоғары және орташа төменгі жалақы алатын салалар тізімі жарияланды.

Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445 068 теңгеге жетті. Бұл 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша көрсетілген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жыл ішінде орташа жалақы 11,5%-ға өскенімен, бірақ іс жүзінде инфляцияны ескергендегі нақты өсім жоқ. 

Ең жоғары жалақы алатын салаларға тау-кен өндіру саласында тіркелді – 1 020 632 теңге. Ал қаржы саласы – 941 411 теңге, IT саласы – 779 288 теңге, өнеркәсіп – 620 775 теңге, көлік саласы – 599 489 теңге, өңдеу өнеркәсібіндегі орташа жалақы – 508 854 теңге.

Ал ең төмен жалақы төленетін салалар бойынша ауыл шаруашылығында – 268 096 теңге, қонақүй және мейрамхана бизнесінде – 284 186 теңге, сумен жабдықтау және қалдықтарды басқару саласында – 307 956 теңге болды.

Өңірлер арасында Ұлытау облысында ең жоғары орташа жалақы тіркеліп, 637 324 теңгеге жетті. Одан кейін Атырау облысы (610 111 теңге) мен Маңғыстау облысы (608 415 теңге) тұр. Астанада орташа жалақы 559 894 теңге, ал Алматыда 551 597 теңге болған.

Ең төмен орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген – 308 334 теңге. Сондай-ақ Жамбыл облысында орташа жалақы 319 820 теңге, Түркістан облысында 324 972 теңге, ал Шымкентте – 328 608 теңге.

Инфляцияны ескергендегі ең жоғары нақты жалақы өсімі Алматы қаласында (+4,9%) және Абай облысында (+4,7%) тіркелген.