Қоғам

Нұртөре Жүсіп: Дастархан үстінде қол алысып амандасу-әдепсіздік

Нұртөре Жүсіп сырттан келген адам дәм үстінде отырғандарды жағалай қолын алып шығуы ыңғайсыз екенін айтты. Сөзінше ол алдымен тазалық екіншіден, ыңғайсыздық дейді.

 "Қазақ қоғамында амандасу мәдениетіне қайта мән беру қажет екенін айтты. Оның пікірінше, бүгінде дастарқан басында отырған адамдарға сырттан келген кісінің әрқайсысымен жеке-жеке қол алысып шығуы уақытты алып қана қоймай, әдеп пен гигиена талаптарына да сай келе бермейді",-дейді Нұртөре Жүсіп.

Ол мұндай жағдайда «Сәлем бердік!» деп көпшілікке ортақ амандасу жеткілікті болар еді деген пікір білдірді. Сондай-ақ бұрынғы қазақ қоғамында «Мал-жан аман ба?» деп амандық сұрасу қалыпты дәстүр болғанын еске салып, мемлекеттік тілдегі амандасу мәдениетін жаңғырту қажет екенін айтты.