Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеге баратын пойызда жолаушы қайтыс болды: жолсеріктер мен бастық жұмыстан босатылды

Ақтөбеге баратын пойызда жолаушы қайтыс болды: жолсеріктер мен бастық жұмыстан босатылды
Сурет: КТЖ
Пойызда жолсерік отырғызған жолаушы қаза тапты.

Атырау - Ақтөбе бағытындағы жолаушылар пойызында жолаушы көз жұмды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғадан кейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Батыс" филиалында ішкі қызметтік тергеу жүргізілді. Оның барысында қаза тапқан азаматтың билеті болмағаны расталды. Оны вагонға жолсерік отырғызған.

"Тергеу қорытындысы бойынша сол күні вагонның екі жолсерігімен және пойыз бастығымен еңбек шарты бұзылды. Ал Ақтөбе учаскесінің бастығы мен өндірістік оқыту нұсқаушысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" өкілдері.

Компания мәліметінше, сапар кезінде пойыздың барлық жүйесі, соның ішінде ауа салқындатқыштары штаттық режимде жұмыс істеген. Вагондарды тазалау және жолаушыларға қызмет көрсету де белгіленген стандарттарға сай жүзеге асырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар