Алматыда 21 жастағы жігіт балконнан секіріп кеткен
Бостандық ауданында жас жігіт баклоннан құлап, қайтыс болды.
Алматының Бостандық ауданында 21 жастағы жігіт балконнан құлап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға кешкі уақытта қайғылы оқиға болды. Жігіт ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері дереу жеткен.
"Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға алдында жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген. Осы және басқа да мән-жайлар тергеу барысында жан-жақты тексеріледі. Бостандық аудандық полиция басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді полиция.
Сондай-ақ, марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр.