Қоғам

ҚТЖ-ға жаңа басшы тағайындалды

Елжас Мұратұлы Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып Елжас Отыншиев тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры мәлімдеді, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Елжас Мұратұлы Отыншиев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Елжас Отыншиев Мәскеу физика-техника институтының бакалавриаты мен магистратурасын "жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің кеңесшісі болып бастады.

2009-2019 жылдар аралығында "Самұрық-Қазына" АҚ және оның еншілес компанияларында жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары KIDF-те басқарушы лауазымдарда қызмет етіп, инвестициялық портфельді басқаруға жетекшілік етті.

2023 жылғы сәуірден бастап қазірге дейін "Самұрық-Қазына" АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да секторлардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бастап - "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.