Қоғам
Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр жауып, күн салқындайды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 шілде, 2026
- 78
Еліміздің бірнеше өңірлерінде жаңбыр жауады.
"Қазгидромет" синоптиктері 21, 22 және 23 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің көптеген аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Кей жерлерде нөсер күтіледі. Сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Жауын-шашын салдарынан аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Күндіз ауа температурасы мынадай деңгейде болады:
- Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында - +20…+30 градус;
- орталық және шығыс аймақтарда - +22…+35 градус;
- оңтүстік пен оңтүстік-шығыста - +27…+35 градус.
Ал батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +30…+42 градусқа дейін көтеріледі.




