Қоғам
Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам қаза тапты: біреуі ауруханаға жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 шілде, 2026
- 78
Кәріз құдығына түскен алты адам қайтыс болды.
Павлодар облысында кәріз құдығында 6 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС аумағында болған.
Дәрігерлер оқиға орнында 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған алты ер адамның көз жұмғанын анықтады.
Тағы бір 1988 жылы туған ер адам орташа дәрежедегі көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Желіде тараған ақпарат бойынша қайғылы жағдай кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған.



