Тоқаев Испанияны Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Тоқаев Король VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания королі VI Фелипені Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан президенті Король VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады.
«Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін», – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.