Былтыр Қазақстандағы машина жасау саласында жаңа өндірістік қуаттар іске қосылды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Айтуынша, жалпы инвестиция көлемі 346 миллиард теңгеден асатын KIA Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты 2 ірі зауыт ашылды.
Зауыттар заманауи технологиялармен жабдықталып, автоматтандырылған. Бүгінде мұнда 135 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Саланың өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру мақсатында 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөлік өндірісін кеңейту бойынша жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қытайға сапары аясында автомобиль жасау саласында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының Қытайға жасаған сапары аясында автокөлік жасау саласында бірқатар маңызды келісімге қол жеткізілген.
Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автомобильдер өндірісін, SITRAK пилотсыз жүк көліктерді шығаруды және BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты зарядтау станциялары желісін дамыту көзделуде. Қазірде елімізде жеңіл автомобильдер, автобустар, жүк және арнайы техника шығаратын 11 кәсіпорын жұмыс істейді, - деді министр.




