“Көзіңе шөп салса, ол сені құрметтемейді“: Айым Сейітметова күйеуімен ажырасуға өтініш берді
Белгілі блогер күйеуімен ажырасқалы жатыр.
Танымал блогер әрі актриса Айым Сейітметова күйеуімен ажырасуға шешім қабылдап, Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш беруге барғанын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жеке өміріндегі өзгерістер туралы әлеуметтік желідегі парақшасында ашық айтты.
Сөзінше, мұндай шешімге келуіне жолдасының опасыздығы себеп болған.
“Ер адам көзіңе шөп салса, ол сені жай ғана құрметтемейді. Сенің сезіміңді, араларыңдағы тазалықты және сенімді бағаламайды. Ол өзін таңдайды. Адамды шын сүйсең, өзгелер туралы ойлаудың өзі жиіркенішті болады. Мұндай сәтте ер адам тек өзін және өз жайлылығын ойлайды”, – делінген жазбада.
Ол жігіттерге сүйіктілерін сатпауға үндеу жасады.
“Физикалық опасыздық – эмоционалды опасыздық бар кезде тек уақыттың еншісіндегі нәрсе. Жігіттер, аманаттарыңды бағалаңдар және сүйіктілеріңді ешқашан сатпаңдар”, – деді ол.
Блогер қазіргі уақытта қиын кезеңдерді басынан өткеріп жатқанын жасырмады. Көзіне жас алып, мұндай ауыр уақыттың да артта қалатынын жеткізді.