Қазақстанда алдағы үш күнде +43 градусқа дейін күн ыстық болады
Кейбір өңірлерде жаңбыр жауады.
Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, 25-27 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады.
Ал батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар еліміздің көп бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді.
Күндізгі ауа температурасы:
- Батыс пен солтүстік-батыста +38...+43°C;
- Солтүстікте +30...+35°C;
- Орталықта +28...+39°C;
- Оңтүстікте +36...+41°C;
- Оңтүстік-шығыста +29...+37°C;
- Солтүстік-шығыс пен шығыста +23...+32°C болады.