Қоғам

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 16,75%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті. Мұны инфляцияның төмендеуі, теңге бағамының нығаюы және экономиканың тұрақты өсімімен түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстанда базалық мөлшерлеме 16,75%-ға дейін төмендеді.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жылдық инфляция тоғыз ай қатарынан төмендеп келеді. Маусым айының қорытындысы бойынша инфляция 10,3%-ды құрады. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% болған. Азық-түлік бағасының өсімі 10,7%-дан 10,4%-ға дейін баяуласа, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы 11,7% деңгейінде сақталды. Қызмет көрсету саласындағы инфляция 9%-ға жетті.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1%-ға өсті. Құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен көлік салаларында жоғары өсім сақталды. Инвестициялар көлемі 9,6%-ға артса, бюджет қаржысын есептемегендегі шикізаттық емес секторға салынған инвестициялар 28,9%-ға көбейді.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша келесі жоспарлы шешімі 2026 жылғы 4 қыркүйекте Астана уақытымен 12:00-де жарияланады