Мәдениет

“Балалы болдық”: Дариға Бадықова қуанышты жаңалығымен бөлісті

Дариға Бадықова бір отбасының бақытына себепші болған.

Қазақстандық актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова көпшілікке жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Актриса 2025 жылы “Мәриям” қорына хабарласып, есту қабілеті төмен әрі сөйлей алмайтын ерлі-зайыптылардың ата-ана атануына көмектесетінін айтқан.

“Біріншісі түсік болды. Бірақ дәрігерлер қол сілтеп қойған жоқ. Бар күшін салып, емдеді. Бесінші подсадкадан кейін көтерді. Міне, бір отбасы балалы болды. Шүкір!” – деп жазды актриса.

Ол дәрігерлердің еңбегіне ризашылығын білдірді.

Дариға Бадықова сәби сүюді армандаған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында “Мәриям” қорына тұрақты түрде садақа аударып тұратынын жеткізді.

“Балалы болғысы келетін жандарға кішкентай болса да көмегім тисін деймін. Жақсы адамдардың жүзі жадырап, қуансын. Жұғысты болсын!” – деп жазды Дариға Бадықова.