Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Доллардың орташа бағамы 476,07 теңгеге өсті

Доллардың орташа бағамы 476,07 теңгеге өсті
Сурет: afk.kz
Қазақстанда доллар 10 теңгеге қымбаттады.

24 шілде Қазақстанда доллардың орташа бағамы 476,07 теңгеге жетті. АҚШ валютасы бір күнде 9,85 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

KASE-дегі күндізгі сауда Астана уақытымен сағат 15:30-да аяқталды. Қазақстан бойынша айырбастау орындарында доллар 472–477 теңге, еуро 540–546 теңге, ал рубль 5,69–5,83 теңге аралығында сатылып жатыр.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 473,82 теңгеден сатып алып, 476,81 теңгеден сатып жатыр.

Астанада долларды сатып алу бағамы орта есеппен 470,97 теңгені, ал сату бағамы 477,97 теңге болды.

Ұлттық банк 24 шілдеге доллардың ресми бағамын 465,74 теңге деп белгілеген. Еуроның ресми бағамы — 531,08 теңге, ал Ресей рублі — 5,92 теңге.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар