Алматыда жойқын жер сілкінсі болады: сейсмологтар жауап берді
Сейсмолгтар жақын арада болатын ешқандай жер сілкінісі тіркелмегенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр. Осыған байланысты сейсмолог мамандары жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, Қазақстан тұрғындары әлеуметтік желілерде жақын арада жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпаратты қызу талқылап, таратып жатыр. Бірақ мамандар мұндай ықтималдықты жоққа шығарады.
"Алматыда күшті жер сілкінісінің жақындап қалғанын білдіретін сейсмикалық режимнің аномальді өзгерістері тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы".
Сондай-ақ, мамандар қазіргі ғылым жер асты дүмпулері болатын күнін, уақытын, орны мен күшін дәл анықтауға мүмкіндік бермейтінін еске салды.