+44 градусқа дейін ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде күн ыстық болады.
Синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" болжамы бойынша, 28-30 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр жауады.
Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтілмейді. Мұнда ауа райы +44 градусқа дейін ыстық болады.
Жекелеген аймақтарда жауын-шашын болғанына қарамастан, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы көтеріле береді.
Синоптиктердің мәліметінше, күндіз ауа температурасы мынадай болады:
- солтүстікте +30…+38 градусқа дейін;
- оңтүстікте +33…+44 градусқа дейін.
Тек батыс өңірлерде ғана температура айтарлықтай көтерілмейді деп болжанып отыр.