Мәдениет

"Колхоз деп те айтуға болады": Тұрсынбек Қабатовтың қызы ауыл адамдары туралы айтып, сынға қалды

Тұрсынбек қабатовтың қызы 14 жасында көптеген жетістіктерге жеткенін, ал ауыл адамдары дамымай қалғанын айтты.

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару көпшілікті сынына қалды. Ол тікелей эфир кезінде өзіне теріс пікірлер жазатын ауылдың адамдары екенін айтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өнер иесінің қызы TikTok желісіндегі тікелей эфирде айтқан. Ол сын жазатын адамдарды “өмірде ештеңеге қол жеткізбеген ауыл адамдарына” теңеген.

“Сіздердің маған жазған жағымсыз пікірлеріңіз менің белсенділігімді көтереді. Жаман теріс пікір жазатындар – өмірде ештеңеге қол жеткізбеген ауылдың адамдары деп ойлаймын. Ал мен ше? Мен 14 жаста болсам да керемет билей аламын, конькиді өте жақсы тебемін, футбол ойнай аламын. Ал бұл сіздердің қолдарыңыздан келе ме? Жоқ. Ауылдан, ауылдың адамдары болмасаңыздар да, өздеріңізді ауылдың адамдары сияқты ұстайсыздар. Колхоз деп те айтуға болады”, – дейді ол.

Желі қолданушылары Айаруға ауылдан шыққан адамдарды төмендетуге болмайтынын айтуда. Енді бірі Тұрсынбек Қабатовтың өзі де ауылдан шығып, таланты мен еңбегінің арқасында танылғанын еске салды.

Кейбір оқырмандар оның әлі бала екенін және өзінің не айтқанын білмейтінін жазуда.