Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астана мен Алматыда 28,29,30 шілдеде күн ыстық болады

Астана мен Алматыда 28,29,30 шілдеде күн ыстық болады
Сурет: Анна Акельева / Коммерсантъ
Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада күн ыстық болады.

Синоптиктер  28, 29 және 30 шілдеде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

28 шілде күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, құмды дауыл тұруы мүмкін. Түнде +17...+19 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.

29 шілде күні көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз Түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус.

30 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21 градус, күндіз +33...+35 градус аптап болады.

28-29 шілде күндері көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус.

30 шілдеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.

Бұған дейін "Қазгидромет" 28-30 шілде аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтынын, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауатынын ескерткен болатын. Сонымен қатар елдің оңтүстігінде +44 градусқа дейін аптап сақталады, ал солтүстікте ауа температурасы +38 градусқа дейін көтеріледі. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар