Семейде мұғалімді "ішімдікке салынған" деген директор мен оның орынбасары сотта одан кешірім сұрады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:52
- 67
Семейде мұғалімді “ішімдікке салынған” дегені үшін директор мен оның орынбасары кешірім сұрады. Сот таралған мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп таныды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Семей қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында бастауыш сынып мұғалімі К-ның ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.
"Жауапкер К. есімді азаматшаны үнемі ішімдік ішеді, жұмысқа спирттік ішімдік иісімен келеді және "түстен кейін ішкілікке салынып кетеді" деп айыптаған. К. таратылған мәліметтерді шындыққа жанаспайды деп тануды, жауапкерді оны теріске шығаруға, кешірім сұрауға және моральдық зиян өтемақысын өндіруге міндеттеуді сұрады", - деп хабарлады сот.
Сот жауапкерге мектеп директоры мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен мұғалімнен кешірім сұрап, таратылған мәліметтерді теріске шығаруды міндеттеді.
Сондай-ақ сот моральдық зиянды өтеу және сот шығындарын өндіру туралы талаптарды ішінара қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.



