Мәдениет

Серік Ибрагимовтың келіншегі төртінші сәбиін босанды

Серік Ибрагимов көпбалалы әке атанды.

Танымал әнші Серік Ибрагимов пен жары Айнамкөз Әбдімаева ұлды болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Өнер иесінің әріптестері мен оқырмандары оны құттықтап, ақ тілектерін арнап жатыр.

Олар “Көпбалалы әке болғаныңыз құтты болсын, ағам”, Бауы берік болсын”, “Еліне қызмет ететін азамат болсын”, “Досым, құтты болсын” деп жазуда.