2026 жылғы жүктілік пен босануға байланысты берілетін төлемдердің мөлшері белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:44
- 34
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Балғын Сатбекқызы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында 2026 жылы жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемдерге қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спикердің мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері шамамен 1,4 миллион теңге болған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,6 миллион теңгеге жеткен болатын. Осылайша, төлемнің орташа мөлшері 254,9 мың теңгеге немесе 15,5 пайызға төмендеді.
"Бұл ретте қорытынды сома жеке есептеледі және ол кейінгі 12 ай ішінде әлеуметтік аударымдар жасалған табысқа, сондай-ақ жүктілікке және босануға байланысты демалыстың ұзақтығына байланысты болады", - деп нақтылады ол.
Сондай-ақ, 2026 жылы жүктілік және босануға байланысты біржолғы төлемнің шекті сомасы 2 миллион 499 мың теңгеден аспайды.



