Үйін сағынған: Өскеменде әскери бөлімнен қашып шыққан сарбаз ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:50
- 9
Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен сарбаз шығып кетіп қалған. Әскери полиция жауынгерді ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Сарбаз облыс орталығынан 20 шақырым жерде қолға түсті, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта әскери қызметші әскери полиция бөліміне жеткізілді. Оның өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ.
"Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, қызмет орнын өз бетімен тастап кетуге үйін сағынуы себеп болған", - делінген таратылған хабарламада.
Сондай-ақ тексеру барысында әскери қызметші командирлер мен әріптестері тарапынан жарғыдан тыс қарым-қатынас, сондай-ақ лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану деректері болмағанын мәлімдеді.




