Қоғам

Балқашқа көлікпен кіріп кеткен жүргізуші қамауға алынды

Mercedes жүргізушісі көлге көлік айдағаны үшін қамауға алынды.

Балқаш жағасында демалушылардың жанында көлік тізгіндеген Mercedes жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы облысында Балқаш көлі жағасында және тура су ішінде демалушылардың жанында көлік айдаған Mercedes жүргізушісі қамауға алынды. Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видео қазақстандықтардың ашуын тудырған болатын.

Сол сәтте жағажайда ересектермен бірге балалар да болған.

Құқық бұзушының жеке басы анықталды - ол Тараздың 40 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот ер адамға 10 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. Оның автокөлігі айыптұраққа қойылды.