тамыз айының басында Алматы мен Астанада күн ыстық болады
Тамыз айының басында еліміздің екі мегаполисінде күн ыстық болады.
"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астана қалалары бойынша 1, 2 және 3 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанадағы ауа арйы болжамы
1 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.
2 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.
3 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
1 тамызда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық болады.
2 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +37...+39 градус ыстық болады.
3 тамызда күн құбылмалы бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +36...+38 градус ыстық болады.