Қазақстандықтардың саны 90 767 адамға өскен
Елімізде қанша қазақстандық тұратыны белгілі болды.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының санын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 20 590 589 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері қазақстандықтардың саны 90 767 адамға өскен.
Алматы қаласында халық саны 2 миллионнан асып, 2 373 772 адамды (өсім 25 669 адам), Түркістан облысында 2 145 680 адамды (жыл басынан бері облыс халқы 3 525 адамға азайған) құрады.
1 миллионнан астам қазақстандық мына өңірлерде тұрады:
- Астанада – 1 682 721 адам;
- Алматы облысында – 1 612 393 адам;
- Шымкентте – 1 310 681 адам;
- Жамбыл облысында – 1 212 698 адам;
- Қарағанды облысында – 1 130 377 адам.
Халқы ең аз өңірлер:
- Ұлытау облысы – 218 015 адам;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 511 982 адам;
- Абай облысы – 592 895 адам.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қалаларда 13 190 585 қазақстандық (өсім 105 475 адам), ауылдарда – 7 400 004 қазақстандық (14 708 адамға азайған) тұрады.