1 тамыздан бастап бір қорап темекінің бағасы 1060 теңге болады.
Қазақстанда темекі тағы қымбаттады. Осы жылдың 1 тамызынан бастап 20 тал темекіден тұратын бір қораптың ең төменгі бағасы 1060 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жаңа баға 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Бұған дейін, яғни 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бір қорап темекінің ең төменгі бағасы 970 теңге болған.
Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап баға тағы өсіп, 1120 теңгеге жетеді.
Белгіленген баға сүзгісі бар және сүзгісіз темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне де қатысты.
Айта кетейік, Қаржы министрлігі темекі өнімдерінің ең төменгі бағасын көтеру салық және баға саясатын жүйелі жүргізу үшін қажет екенін түсіндірген еді.



