Қоғам

Қазақстанда алғаш рет Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді (ВИДЕО)

Қазақстанда жолбарыс бостандыққа жіберілді.

 “Іле-Балқаш” мемлекеттік табиғи резерватында Амур жолбарысының Үміт атты аналығы табиғи ортаға жіберілді. Яғни, 70 жылдан аса уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс тарихи мекеніне қайта оралды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Табиғи ортаға Үміт есімді Амур жолбарысының аналығы жіберілді. Мамандардың айтуынша, Іле өзенінің бойы мен Оңтүстік Балқаш өңірі тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Бұрын бұл аумақта жолбарыстың тіршілік етуіне қолайлы тоғайлы ормандар мен мол қорек қоры болған.

Экология министрлігінің мәліметінше, жолбарысты тарихи мекеніне қайтаруға дайындық жұмыстары он жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.