Ер адамды т.нде атып кеткен.
Жамбыл облысында ер адамды атып кеткен. Қайғылы оқиға 1 тамызда түнгі сағат 3 шамасында Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Луговой ауылында болған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Туыстарының айтуынша, қылмысқа аудандағы қылмыстық топ мүшелерінің қатысы болуы мүмкін. Марқұмның қарындасының сөзінше, күдіктілердің жасы 22-де", - деп жазады Telegram-дағы "Криминальный Казахстан" арнасы.
Сондай-ақ отбасы қайғылы оқиғаға дейін ер адамға бірнеше рет қоқан-лоқы жасалғанын айтады. Марқұмның жақындары істі объективті әрі жан-жақты тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр.
Жазбада марқұмның артында әйелі, ұлы мен қыздары қалғаны, қарт ата-анасы жалғыз ұлынан айырылғаны айтылған.
Қазіргі кезде полиция іс қозғады.



