Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалаңаш ер адам Бруклин көпіріне Қазақстанның туын іліп, артынша суға секіріп кеткен (ВИДЕО)

Жалаңаш ер адам Бруклин көпіріне Қазақстанның туын іліп, артынша суға секіріп кеткен (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Нью-Йорктағы Бруклин көпіріне ту іліп жалаңаш секірген ер адам аман қалды.

Жексенбі күні түстен кейін Нью-Йорктегі Бруклин көпірінің ең биік тұсынан 44 жастағы жалаңаш ер адам секіріп кетті. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Абырой болғанда Бруклин көпірінен секіріп кеткен ер адам аман қалған. Полицияның мәліметінше, ер адам шамамен сағат 14:30 шамасында Манхэттен жағындағы көпір мұнарасына көтеріліп, бірнеше ту іліп, кейін киімін шешкен.

Оқиға орнына Нью-Йорк полициясының Төтенше қызмет бөлімінің қызметкерлері келіп, оны төмен түсуге көндіруге тырысқан. Алайда ер адам суға секіріп кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жариялаған видеода ер адамның суға құлар сәтте киімге немесе сөмкеге ұқсас затты парашют сияқты ұстап тұрғаны көрінеді.

Нью-Йорк полициясының су патрулі қызметкерлері оны судан аман алып шықты.

Полиция дерегінше, көпірге ілінген тулардың бірі Қазақстанның мемлекеттік туы болған. Сондай-ақ белгісіз жазулары бар мата да ілінген. Оның нақты мазмұны әзірге анықталған жоқ.

Ер адам Нью-Йорктегі Bellevue ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Бруклин көпірінің екі аспалы мұнарасының биіктігі шамамен 278 футты (84,7 метр) құрайды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар