Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраулық оқушылар Youth eco camp turaqty jol 7.0 финалистерінің қатарына енді

Атыраулық оқушылар Youth eco camp turaqty jol 7.0 финалистерінің қатарына енді
Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 білім беру бағдарламасының финалы өтті.

2026 жылғы 31 шілдеде Narxoz University – ЮНЕСКО клубында TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік эконауқанының Youth Eco Camp TURAQTY JOL 7.0 білім беру бағдарламасының финалы өтті. Жеті күндік бағдарлама Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген талантты оқушыларды, жас инноваторларды, сарапшылар мен бизнес өкілдерін біріктіріп, тұрақты даму бағытындағы жобаларды дамытуға мүмкіндік берді.

Биыл бағдарламаға еліміздің барлық өңірінен 400-ге жуық команда өтінім беріп, олардың ішінен үздік 18 команданың қатарына Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған Carbricks командасы енді. Команда өнеркәсіптік қалдықтар мен CO₂ пайдалану арқылы экологиялық құрылыс блоктарын өндіру жобасын таныстырды. Бұл шешім қалдық көлемін азайтып, көмірқышқыл газын құрылыс материалында бекітуге мүмкіндік береді.

80 сағаттан астам білім беру бағдарламасы дәрістерді, воркшоптарды, менторлық сессияларды және жобаларды қорғауды қамтыды. Қатысушылар ESG, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық және жобаларды басқару бағыттары бойынша тәжірибелік білім алды.

Бағдарлама қорытындысында I орынды Алматы қаласының EcoStep, II орынды Оралдың MineSafe, III орынды Өскеменнің EcoCatalyst City командалары иеленді. Жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құрады.

Жоба Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы мен Narxoz University – ЮНЕСКО клубының ұйымдастыруымен өтті. Бас серіктес – ЦентрКредит Банкі, ресми серіктес – Chevron компаниясы.
Бүгінде TURAQTY JOL экологиялық сын-қатерлерге практикалық шешім ұсынуға дайын жастарға мүмкіндіктер жасауды және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуды жалғастыруда.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс ақпараты:

Тел.: +7 700 394 32 32, +7 700 394 32 34

E-mail: turaqtyjol@gmail.com

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар