Қоғам

Нұрлан Әбдіров: Бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кірісті

ОСК МҮШЕЛЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ БАРЛЫҚ ӨҢІРІНЕ ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ САПАРҒА ШЫҒАДЫ

10 400-ден астам сайлау учаскелері, 10 600-ден астам комиссия және 71 мыңсайлауком мүшелері. ОСК Төрағасы НұрланӘбдіров елімізде учаскелік сайлаукомиссиялары іске кіріскенін хабарлады. 

Комиссияның бүгінгі отырысында учаскеліксайлау комиссиялары мүшелерінің дайындығымәселесіне ерекше назар аударылды. НұрланӘбдіров осы аптадан бастап Ортсайлаукоммүшелері өңірлерге инспекциялық сапарғашығатындығын атап өтті. Олар барлық облыспен республикалық маңызы бар қалалардаболып, алдағы науқанға инфрақұрылымныңдайындығын тексеретін болады. 

«Бүгіннен бастап учаскелік сайлаукомиссиялары өз жұмысына кірісті. Барлығы 10 400-ден астам сайлау учаскесіашылды. Сайлауды ұйымдастыруғамүшелерінің жалпы саны 71 мың адамдықұрайтын 10 600-ден астам комиссия тартылатын болады. 4-17 тамызаралығында біз Орталық сайлаукомиссиясының мүшелерімен және аппарат қызметкерлерімен бірге еліміздің барлық 20 өңіріне инспекциялық сапарларғашығамыз. Осы сапарлар барысындасайлау учаскелерінің дайындығы, олардыңматериалдық-техникалық қамтамасызетілуі, сайлаушыларды ақпараттандыружұмысының ұйымдастырылуы, Call-орталықтардың қызметі бағаланатынболады. Сонымен қатар, өңірлергежасалатын инспекциялық сапарларбарысында аумақтық сайлаукомиссияларының жұмысына, оның ішіндесайлау комиссиялары мүшелерін оқытубарысына да ерекше назар аударылады», -деп атап өтті Нұрлан Әбдіров. 

ОСК Төрағасы 7 тамыздан бастап әрбірсайлаушыға дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміндегі өзі туралыдеректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігіберілетінін еске салды. Егер қандай да бірөзгерістер енгізу қажет болса, сайлаушы дереуучаскелік сайлау комиссиясына жүгіне алады. Мұндай өтініштер келіп түскен күні дереуқаралады.