Басты жаңалықтар

«Алла көмектесе көр». Әлия Әнуарбек Денис Тен үшін алаңдап отырғанын айтты

Мәнерлеп сырғанаушы 3 литрдей қан жоғалтқан

Бейсенбі, күндізгі сағат 15:00 шамасында Құрманғазы мен Бәйсейіт көшелерінің қиылысында Денис Тен көлік айнасын ұрламақ болған екі азаматты құрықтайды. Мәнерлеп сырғанаушы олармен төбелесіп, нәтижесінде белгісіз азаматтар оны пышақпен жарақаттайды. Дәл қазір Денис Тен Алматы қаласындағы орталық клиникалық ауруханада жатыр, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Танымал актриса әрі спортшының жақын досы ол үшін қатты уайымдап отырғанын жеткізді. Өзге де желі қолданушылары мен танымал жұлдыздары достарының амандығы үшін алаңдап отырғандарын айтуда. «Заман қайда барады! Неге адамдар сонша залым болады екен! Жақсы адамнан, досымнан айырылып қаламын ба деп жылап отырмын! Бекем бол, Денис! Қазір Денистің туысқандары қандай жағдайда екенін, тіпті, көз алдыма елестете алмаймын! Бірақ, бәрі жақсы болатынына сенемін! Алла, өтініш, оған көмектесе көр! Қайғы-қасірет оны айналып өтсінші», - дейді Әлия Әнуарбек. Автор: Kyn.kz