Роза Әлқожа «шайтанның азаншысы» деген қарияны сынап тастады (ВИДЕО)
Жетісайдағы тойдың бірінде қария музыканы харам атап, оны алып тастауға шақырды.
Жетісайда өткен тойлардың бірінде қонақтардың бірі музыканы тоқтатуға шақырды. Айтуынша, ол шариғатқа мүлдем сай келмейді екен. бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сөз барысында әншілерді «шайтанның азаншысы» деп атаған қарияны әнші Роза Әлқожа сынға алды.
«Біздің Жетісай бұрыннан имандылық пен дәстүрдің мекені. Үлкен жиын болмаса жай отырыста онсыз да ер мен әйел бөлініп отырады. Қанша тапса да қанағат тұтатын, қонағын құдайындай сыйлайтын қонақжай ел.
Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті?
Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе?», - деп жазды ол.